Наурызда адам өлтірген Ақдала тұрғыны сотталды

315
Айыпталушы

Спортшыға таласып, ауылдасын атып тастаған азаматқа қатысты іске нүкте қойылды. Ойыншысы үшін кісі өлтірген Қадыров қатаң жазаланды. Шымкетте Ақдала ауылын ғана емес, бүкіл елді дүрліктірген оқиғаға қатысты соңғы сот отырысы өтіп, үкім кесілді.

Айыпталушы

Ауылдасын атып тастаған жігіт 20 жылын абақтыда өткізеді. Атыс-шабыс ұйымдастырып, Ақдала ауылын шулатқан Ғани Қадыровқа сот осындай үкім кесті. Алқа билерінің шешімімен ол жасаған әрекеті үшін кінәлі деп табылды.

Соттың бұл шешімі жәбірленуші жақты қанағаттандырды. Марқұмның анасы Клара Үсенова шығарылған шешімге көңілі толағанын жасырмады. Оның ендігі тілегі – Ғанидың сыбайластарының сазайынын тарттыру.

Еске салайық, елді дүрліктірген атыс наурыз айында орын алған. Мейрам қарсаңында спортшыға таласқан тарап сөзге келіп, төбелесіп қалады. Қадыров онымен тоқтамай, қарсыласын атып тастаған. Куәгерлердің айтуынша, ол жалғыз болмаған.

Ернар Балабеков