Оңтүстікте жас туристердің республикалық жарысы өтті

617
Туристер

Оңтүстік Қазақстан облысының Біркөлік шатқалында жастар арасында туристік көпсайыстан Қазақстан кубогының қорытындысы және аймақтық 15-ші Төле би кубогы жарысы өтті. Еліміздің 11 аймағынан келген қатысушылар жас ерекшелігіне қарай жастар мен жасөспірімдер болып бақ сынасты.

Туристер

Сайысқа қатысушылар үш күн ішінде бір-бірімен құзға өрмелеу, тізбектер, асылма өткел және техникалық кезеңдерде жарысты. Сонымен, туристік көп сайыстан жастар арасында Қазақстан кубогының жалпы топтық қорытындысы бойынша І орынды «Батыс west 4» командасы (Орал қаласы) жеңіп алды.

Ал Төле би кубогы жарысында І орынды Шымкент қаласынан келген «Барсики» командасы иеленді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі