Оңтүстіктегі кілем фабрикасы енді пропиленді жіп шығарады

868
Кілем фабрикасы

Оңтүстік Қазақстандық кілем шығаратын «Бал Текстиль» фабрикасы жартылай пропиленді жіп шығару және кілем өндірісін кеңейтудегі өз жобасының екінші кезеңін іске қосты. Бұған «Даму» қоры қолдау көрсетіп отыр.

Кілем фабрикасы

«Бал Текстиль» ЖШС – Қазақстандағы ең ірі кілем фабрикаларының бірі. Кәсіпорын кілемдер мен «BCF», «Heat-Set» , «Frize» таңбалы синтетикалық жартылай пропиленді жіптерден тоқылған қазіргі заманғы кілемше бұйымдарын Белгияда жасалған «MICHEL VAN DE WIELE» құрылғысында тоқып шығарады. Өнім «Тұран», «Хан-Тәңірі», «Лидер», «Алатау», «Сарыарқа», «Барыс», «ANTIQUE IMPERIAL», «ASTANA DELUXE», «VIZION», «FRIZE», «KASHAN», «SILK» таңбаларында шығарылады. Барлық кілемдер жоғары сапалы әрі бағасы қолжетімді.

Кілем фабрикасы

– Кілем өндірісі үшін шикізатты Түркиядан, Бангладештен, Үндістаннан, Ресейден және т.б. елдерден алып келеміз,- дейді орындаушы директор Керімшеев Жомарт. – Импорттаушыларға тәуелді болған тиімді емес, сондықтан біздің компания әуел бастан-ақ жартылай пропиленді жіптер шығаруды стратегиялық жоспарлаған. Биыл «Даму» Қорының қолдауымен біз өндірістің екінші кезеңін аяқтадық. Енді қажетті жартылай пропиленді жіптер біздің фабрикада шығарылады. Бұл бізге өнім бағасын 20% төмендетуге мүмкіндік береді.

Кілем фабрикасы

Жартылай пропиленді синтетикалық жіптер Францияда жасалған, соңғы ағымдағы фирмалар – «SUPERBA», Германияда жасалған «Allma Volkmann», «Oerlikon Neumag» құрылғыларында шығарылады.

Кілем фабрикасы

«Бал Текстиль» фабрикасы «Даму» қорымен жүзеге асырылатын жеңілдік бағдарламасының шеңберінде, жылдығы 6%-бен қаржыландырылылды. Нәтижесінде компания қажетті құрылғыларды сатып алып, өндірістік үдерісті ретке келтірді.

Кілем фабрикасы

Фабриканың өндірістік қуаты жылына 2 300 – 5 000 мың шаршы метр кілемдер мен кілемше бұйымдарынан бастап, 3000 тонна жартылай пропиленді жіптерді шығаруға жетеді. Фабрикада 200 адам жұмыс істейді.

Жаңа қалыптасып, қарқынды дамып келе жатқан компанияның алға қойған жоспарлары да зор. Келесі жылы олар еуразиялық нарықты жаулап алуды мақсат етіп отыр.

damu.kz