Облыста құрылыс талаптарынан ауытқыған 6 мың нысан бар

348
Сәулет-құрылыс басқармасы

Бүгінгі таңда облыс аумағында құрылыс талаптарынан ауытқыған 6 мыңнан аса нысан бар. Оның тең жартысы Шымкент қаласының аумағында орналасқан. Бұл туралы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының мамандары мәлімдедеді. Айтуларынша, бүгінге дейін сот небәрі 5 нысанға ғана бұзу туралы шешім шығарған.

Сәулет-құрылыс басқармасыОблыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары жыл басынан бері құрылылыс талаптары бұзылған 197 нысанды тексерген. Оның ішінде 107 нысанға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ал тиісті құжаты жоқ 30 нысанның ісі сотта қаралып жатыр.

Қазір Шымкенттегі 9 көшенің бойында орналасқан, құрылыс талаптары бұзылған 282 нысан тексеріліп жатыр. Оның ішінде 70 құрылыс иесіне нұсқамалар беріліп, 20-на тексеру тағайындалған. Заң бұзушылықтарға қатысты 74 факті бойынша әкімшілік іс қаралды. Жауапқа тартылғандардың арасында лауазымды тұлғалар да бар.

Жыл басынан бері облыста заңсыз құрылыс иелеріне 50 млн теңгенің айыппұлы салынған. Бақылау тексерулерінің қорытындысы бойынша жер телімдерінің шешімдерін күшін жоюға қатысты 173 талап-арыз қаралып жатыр.