Отырардың палуан қызы әлем чемпионатында жүлдегер атанды

392
Гауһар Тұрмаханова

Отырар ауданының спортшысы Гауһар Тұрмаханова әлем чемпионатында ІІ орынды иеленді. Мароккода өткен самбодан әлем біріншілігіне 82 елден спортшылар жиналған.

Гауһар Тұрмаханова

Касабланка қаласындағы сайыста бақ сынаған Гауһар Тұрмаханова 27 спортшының ішінен оза шықты. Әлем спортшыларының ішінде бағы мен бабы қатар шапқан отырарлық самбошы бойжеткеннің мұнан өзге де жетістіктері жетерлік, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Гауһар 2013 жылы Кореяда өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында І орынды иеленіп, 2014 жылы Жапонияның Нарита қаласында самбодан Әлем чемпионы атанған болатын.

Сол кезде қаракөз бойжеткен әлемнің үш дүркін чемпионы атанған ресейлік Анна Харитоновадан басым түскен. Ал биыл Шымкентте өткен дзюдо турнирінде ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды.