Полицейлер ұрланған көлікті иесіне тауып берді

348
Ұрланған автокөлік
Ұрланған автокөлік

Шымкент қаласының тәртіп сақшылары ұрланған автокөлікті өз иесіне қайтарды. 22 қараша күні Әл Фараби полиция бөлімінің кезекшісіне 27 жастағы жергілікті тұрғын арызданып келді. Ол полиция қызметкерлеріне ескі қалашық ауданындағы мешіттердің бірінің маңындағы тұрақтағы «Опель-Вектра» автокөлігін белгісіз біреулер айдап кеткенін айтқан.

Тергеушілер аталған жайтты сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеп, қылмысты кодекстің 200-бабымен (автомобилді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) қылмысты іс қозғалды. Аталған автокөлікке іздеу жарияланғаны жайлы барлық полиция бекеттеріне хабарланды.

Көлік жүргізушісі
Көлік иесі

26 қараша жол-патрульдік полициясының көліктегі экипажы өз бағытымен келе жатып, 21-шағындауданда орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің алдында тұрған автокөлікті байқап, Әл Фараби полиция бөліміне хабарлайды.

Ұрланған автокөлік
Ұрланған автокөлік

Тиісті тергеу амалдары жүргізілген соң табылған автокөлікті полиция қызметкерлері заңды иесіне табыстады. Ал жүргізуші сақшылардың кәсіби шеберліктері мен жедел жұмыстарына өз алғысын білдірді.

Полиция көлігі

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері автокөлікті заңсыз айдап кеткендерді іздеуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.