Шардара шаруалары мақтадан рекорд орнатты

619
Мақта кобайны

Шардаралық шаруалар ерледі. Ауданда мақта түсімі рекордтық көрсеткішке жетті. Бүгінге дейін бұл өлкеде 32 мың 325 тонна ақ алтын жиналыпты.

Мақта кобайныМақташылар орташа есеппен алқаптың әр гектарынан 27 центнер өнім алған. Мамандар мұны шағалалы өлкеде мақта алқабының қысқармағанымен байланыстырады.

Айта кетейік, ауданда биыл 12 мың гектарға жуық алқапқа шитті мақта себілген. Жауаптылардың сөзіне сенсек, егістіктерде әлі де терілмеген мақта жатыр.