Шымкентте алғашқы улану оқиғасы тіркелді

251

Күздің соңғы айында күн кұрт суытты. Синоптиктер алдағы күндері де ауа-райы құбылмалы болатынын айтып отыр. Қарашаның қара суығының соңы аязды күндерге ұласатын көрінеді.

улану, жедел жәрдемКүн суыта бастағалы көгілдір газдан уланғандардың саны артты. Соңғы екі тәулік ішінде Шымкенттің Абай ауданында екі отбасы газдан уланып қалыпты. Түнде тағы бір әйел иістеніп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Улану фактісі жылыту пешіндегі ақау мен қауіпсіздік шараларының сақталмауы салдарынан орын алған.

Төтенше жағдай қызметкері тұрғындарды қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға шақырады. Өткен жылы газдан уланып, жеті адамның қайтыс болғанын ескертіп, техникалық ахауларды алдын алу жұмыстарын құнттауды қатаң ескертеді.