Шымкентте Чернобыль ескерткіші жаңарады

673
Чернобыль ескерткіші

Шымкентте Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандарға қойылған ескерткіш жаңартылып жатыр. Бір апта бұрын басталған жөндеу жұмыстары әне-міне аяқталуға жақын. Осылайша күнгейде техногендік апаттың 30 жылдығына дайындық басталып кетті.

Чернобыль ескерткіші

Күн суыта құрылысшылар жұмысқа қамшы басты. Екі метрге жуық ескерткіш бірер күнде бой түзейді. Граниттері жаңаланып, түсі де өзгерді. 90-жылдары пайдалануға берілген тас мүсін алғаш рет жаңартылып отыр. Салаға жауаптылар апат зардабын жоюға қатысқан жергілікті азаматтардың өтінішіне бей-жай қарай алмапты.

Ескерткіш орнатылған бұл алаң қазір сын сағатта ерлік көрсеткен чернобльдіктердің басын қосатын бірден бір орын. 2013 жылы пайдалануға берілген нысан апаттың 30 жылдығы қарсаңында жөнделіп жатыр.