Шымкентте заңсыз құрылыс тоқтатылып жатыр

450
Құрылыс

Шымкентте құрылыс тоқтатылып жатыр. Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы мамандары әкімдік өкілдерімен бірлесіп құрылыс алаңдарында болды.

ҚұрылысКейбір құрылыс иелерінде, тіпті, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының шешімі де жоқ болып шықты. Осыдан бірнеше ай бұрын ескерту алса да кәсіпкерлер тиісті құжаттарын құнттамапты. Енді мамандар құрылысты тоқтатып, қайтадан айыппұл төлеуге мәжбүрлеп отыр.

Арғынбеков көшесіндегі бірнеше құрылыс нысаны енді шенеуніктердің қадағалауында болады. Салынып жатқан бір сауда орталығының қожайнында қадағалау басқармасының арнайы сараптамасы болмай шықты. Сондықтан құрылыс иесіне 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып отыр.

Осындағы тағы бір қос қабатты ғимарат иесінде де басқарманың шешімі жоқ. Сондықтан құрылыс тоқтатылуы мүмкін. Айта өтейік, Шымкентте мұндай нысандар саны 300-ге жуықтайды. Құжатқа құнтсыз кәсіпкерлер енді айыппұл төлеуге мәжбүр.

Айта кетейік, қалада заңсыз салынған 30 нысан сүрілуі мүмкін. Жыл басынан бері облыста заңсыз құрылыс иелеріне 50 млн теңгенің айыппұлы кесілді.