Сот «Таза қала» мекемесіне айыппұл кесті

241
қоқысхана

Мәртөбе ауылындағы ағайынның тілегі орындалатын болды. Ауыл іргесіндегі қоқыс полигоны жабылады. Сот бұған дейін 21 рет наразылық білдіріп, құзырлы орган өкілдері және шенеуніктерден көмек сұрағандардың арызын мақұлдапты. Енді 5 гектарды алып жатқан қоқыс алаңы жұмысын тоқтататын күн жақын.

МәртөбеБұл жолы қоқыс алаңы маңына жергілікті халық молынан жиналмады. Есесіне арлы-берлі ағылып жатқан, қоқыс тиелген көліктер көп. Сот орындаушысымен болған 10 минуттың ішінде полигонға 10-нан астам көлік қоқыс төгіп шықты. Енді бұл келеңсіздік тыйылады. Мамандандырылған ауданаралық сот Мәртөбедегі қоқыс полигоны бір айға жабылып, «Таза қала» мекемесіне 100 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынсын деген шешім шығарыпты.

Естеріңізге салар болсақ, мәртөбелік ағайынның ауылды ластамаңдар деп бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған. Ал қала басшылығы осы уақытқа дейін жаңа қоқыс алаңына жер телімін қарастырып жатқанын қайталып келді.

Енді шаһар шенеуніктері соттың шешімін қалай орындайтыны алдағы аптада анық болады. «Таза қала» мекемесінің басшылығы соттың шешімімен танысып, ескерту парағын алып қалды.

Нұрлан Жаңабай