Жанармай құюшыны өлтірген күдікті ұсталды

253
2013 жылы адам өлтіргені немесе өлтіруге оқталғаны үшін жасы кәмелетке толмаған 11 бала бас бостандығынан айырылған.

Шымкентте жанармай құюшыны өлтіруге қатысы бар күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

12 қараша күні Сайрам ауылындағы жанармай бекетінің біріне келген жүргізушілер мұнда ешкімнің жоқ екенін байқайды. Жан-жақты қарау барысында жақын жерде жатқан белгісіз адамның денесін көреді. Сөйтіп, жансыз жатқан дене туралы дереу полицияға хабарлаған.

2013 жылы адам өлтіргені немесе өлтіруге оқталғаны үшін жасы кәмелетке толмаған 11 бала бас бостандығынан айырылған.

Оқиға орнына Еңбекші полиция бөлімінің шұғыл тобы аттанады. Көрсетілген мекенжайға жеткен криминалистер марқұмның көптеген пышақ жарақатынан мерт болғанын анықтайды. Ол осы жанармай бекетінде оператор болып істейтін 43 жастағы Шымкент тұрғыны екен.

Бұл факті Еңбекші полиция бөлімінде тіркеліп, қылмысты іс қозғалған. Арада үш күн өткенде, іздеу кезінде шұғыл қызметкерлер осы ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Шымкенттің 25 жастағы тұрғынын ұстады.

Қазір барлық материалдар жинақталып, қылмысты іс тергелуде. Күдікті қамауда жатыр.