Қыста Шымкенттің жолдарын 3 мекеме тазалайды

464

Алдағы қыс маусымында Шымкент қаласының жолдарын 3 мердігер мекеме қардан тазалайды. Олар – «ЛТД-Тұрмыс», «Югдорсервис» және «Бәйтерек-ЛД» мекемелері.

КоммуналшыларБұл мекеме басшылары заман талабына сай техникаларымен қыста қала жолдарын қардан тазалау жұмыстарына толық дайынбыз деп отыр.

Аталмыш 3 мекеме Шымкент қаласының барлығы 156 көшесін өзара бөлісті. Айта кету керек, қаланың басым көпшілік аумағы үшін «ЛТД-Тұрмыс» мекемесі жауапты болмақ – 96 көше.

«Югдорсервис» және «Бәйтерек-ЛД» мекемелерінде, тиісінше, 60 көшеден бар. Қардан тазалау жұмыстарына аталмыш мекемелердің жалпы саны 76 техникасы жұмылдырылатын болады.

2015 жылы қысқа дайындық жұмыстары бойынша қала бюджетінен 100 миллион теңге қаржы бөлінген. Шаһар жолдарына 28 мың текше метр құм мен тұз себілетін болады.

Шымкент әкімінің баспасөз қызметі