Алкоголь өнімдерін сатушылар тексерілді

313
Бұл - спирттік өнімдер сақталатын арнайы қойма

Қайта салынған айыппұл еселенді. Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары рейдтік тексеруге шықты. Темірлан тасжолындағы базарлар мен сауда қатарларын аралаған сала қызметкерлері ескертуге немқұрайлылық танытқан саудагерлерге айыппұл салды.

Бұл - спирттік өнімдер сақталатын арнайы қойма

Бұл – алғашқы ескерту емес. Жыл басынан бері 150 рейд жасалса, онда сомасы 11 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.

Тексерулерде ескертулерге құлақ асып, сөресіндегі алькогольдік өнімдерді алып тастаған сатушылар да бар. Алайда заңға мойынсұнғысы келмейтін сатушылардың қарасы қалың.