Ардагерлер министрдің медалімен марапатталды

391
Ардагерлер марапатталды

Шымкенттік ардагерлер ауыл шаруашылығы министрлігінің медалімен марапатталды. Осы салада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагер Жарылқап Төлбасиев пен Аппаз Досқараевқа министрліктің «Еңбек ардагері» медалін қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова табыстады.

Ардагерлер марапатталды

Жарылқап Төлбасиев өңіріміздің мал дәрігері саласында 40 жыл аянбай тер төккен. Күні бүгінге дейін сала мамандарымен өз тәжірибесімен бөлісуден жалыққан емес.

Ал Аппаз Досқараев аграрлы аймақта 48 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Нәтижелі еңбек еленбей қалмайды деген қала басшылығы еңбек ардагерлерін марапатымен құттықтап, құрмет көрсетті.