Баспана кезегіндегі шымкенттіктерге пәтер кілті табысталды

480
Қолжетімді баспана

Бір топ шымкенттіктер баспаналы болып, қоныс тойын атап өтті. «Нұрсәт» шағынауданында «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша жаңадан салынған №56 үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қолжетімді баспана

Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге келген облыс әкімінің орынбасары Дархан Сатыбалды баспана иелерін жаңа қонысымен құттықтап, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге жас отбасыларға, жетімдер мен жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге арналған 58 пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Қолжетімді баспана

 

Айта кету керек, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Өңірлерді дамытудың 2020» жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде көптеген бағыттар қамтылған. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар, жас отбасылар, «Қазақстан тұрғын үй, құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ның кезегінде тұрған және халықтың барлық санаттары осы бағдарлама аясында үйге қол жеткізе алады.

Қолжетімді баспана

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алу тізімінде қазіргі таңда 19 722 азамат тіркеуде тұр. Оның ішінде 3 Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедектері, 1 431 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 7 600 халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, 10 667 мемлекеттік қызметші, бюджеттік мекеме және әскери қызметшілер, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған 21 азамат бар.

Қолжетімді баспана

Тұрғын үй қатынастары туралы заңның талаптарына сәйкес, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай қазіргі таңда 12 ардагерге пәтер берілді. Жыл соңына дейін жоспар бойынша кезектегі 1 624 азамат пәтермен қамтылуы тиіс.

Қолжетімді баспана

Қолжетімді баспана

Бағдарламаның екінші бағыты – «Тұрғын үй, құрылыс жинақ банкі» арқылы биыл 3 үй пайдалануға беріліп, 180 банк салымшысына пәтер кілті табысталды. Ал екінші жүйедегі «Жас отбасы» санаты бойынша 5 үй пайдалануға беріліп, 270 отбасы пәтермен қамтылды.

Қолжетімді баспана

Бағдарламаның үшінші бағыты – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы жергілікті атқарушы органда кезекте тіркелген 1 080 азамат жылдың соңына дейін өз пәтерлеріне қоныстанады. Осылайша биыл Шымкенте ұзын саны 2700-ден астам азамат өз баспаналарына қол жеткізбек.

Фото – Мақсат Шағырбаев