Дуальды оқытудың пайдасы мол

409

Өңірде дуальды оқыту жүйесі жолға қойылған. Бүгін белгілі болғандай, облыстағы колледждердің 80 пайызы дәл осы жаңа технология негізінде білім береді.

Дуальды оқыту

Бұл жүйе аясында әр студент өз мамандығы бойынша білімнің 40 пайызын теория жүзінде алса, қалған 60 пайызын өндірісте қолданады.

Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің жоғары курс студенттері бұл жүйенің тиімділігін дәлелдеген. Бітіруші түлек өз мамандығы бойынша тәжірибеден өткен өндіріс орындарында жұмыс тауып, арнайы шақыртулар алуда.