ОҚО дәрігерлері күрделі ота жасауға әзірленуде

431
Операция жасау

Оңтүстіктің дәрігерлері күрделі ота жасауға машықтанып жатыр. Алматыдағы Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары жергілікті ақ халаттыларға шеберлік сабағын өткізді.

Операция жасауШеберлік сабағында трансплантациялық ота жасау және операциядан кейін жара орнын қарау әдістері көрсетілді. Бұдан соң ұлттық ғылыми орталық мамандарының қатысуымен ангиохирургия және интервенсиялық кардиология, онкологиялық аурулар бойынша науқастарға ота жасалды.