Оңтүстікте «Әлеуметтік желінің артықшылықтары мен зияны» тренингі өтті

403

Қазақстанда интернет пайдаланушылардың үлес салмағы 69 пайызды құрап отыр. Оның ішінде қазақ тіліндегі ақпарат көздерін пайдаланушылар – 14 пайыз.

Интернет для Вас (26)Бұл туралы Шымкентте өткен «Әлеуметтік желінің артықшылықтары мен зияны» тақырыбына арналған семинар-тренингте айтылды. Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы ұйымдастырған семинарда жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының инновациялық жобалар координаты, блогер Садық Шерімбек сөз қозғап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Замана жетістігінің игіліктері мен қауіпті тұстарын ортаға салған сарапшылардың пікірінше, интернеттің қоғамда туғызып жатқан залалы аз емес.

Атап айтқанда, интернет кеңінен қолданылғалы қоғамда жеткіншектердің ерте жыныстық қатынасқа түсу оқиғалары 22 пайызға өскен. Бұл порнографиялық видеолардың әсерінен дейді мамандар. Ал жастар арасындағы жүйке жүйесінің бұзылу фактілерінің 18 пайызға артып отырғанына да ғаламтор себеп болып отыр.