Оңтүстікте газ қымбаттайды

334
Табиғи газ

Оңтүстікте табиғи газ қымбаттайды. «ҚазТранс Газ Аймақ» АҚ Оңтүстіктегі филиалы көгілдір отынның құны қымбаттайтынын мәлімдеп отыр.

Табиғи газҚазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы хатына сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарлық газдың бағасы 1000 текше метрі үшін қосымша құн салығын қоспағанда 29 мың теңге болады.

Сонымен, газдың бағасы 1000 текше метр үшін таратушы газ құбырлары арқылы тауарлы газды тасымалдау бойынша тарифін ескере отырып:

– жеке тұлға үшін 29 теңге 290,74 тиын;

– заңды тұлғалар және жылу энергиясын өндіруге тауарлық газды пайдаланатын заңды тұлғалар үшін 31 мың 615,96 теңгені құрайды.