Ордабасы ауданының әкімі есеп берді

457
Самат Сапарбаев

2015 жылдағы 10 айды қорытып, есеп беру кезеңі Ордабасы ауданының әкімі Самат Сапарбаевқа келіп жетті. Соңғы 10 айда атқарылған жұмыстарын баяндап, өндірілген ішкі өнім көлемі артқанын жеткізген аудан басшысы өз жетістіктерін жіпке тізді.

Самат СапарбаевӘкімнің айтуынша, ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі артып, өңір бойынша бірінші орынға тұрақтаған. Құрылыс саласында да ілгерлеушілік бар дейді. Ауданға қарасты Ұялыжар ауылында балабақша салынып, Шұбарсу, Боралдай елдімекендерінде мектептер пайдалануға берілген.

Ауыл шаруашылығы саласында 20 млрдтан астам теңгенің өнімі өндірілген. Алайда дәнді дақылдар мен бақша өнімдерін сақтауда күрделіліктер бар екен. Яғни ауданға қойма қажет.