Полицейлер пиротехникаға байланысты рейдке шықты

308
Пиротехникаға рейд

Атылатын отшашуды қызықтап, от басып қалмаңыз. Жаңа жыл мейрамын отшашусыз өткізбейтіндер сақтық шараларын сақтаған жөн. Оқыс оқиғадан аулақ болудың берден бір жолы – перотехникалардың сапасын тексеру. Осыны ескерген ішкі істер департаментінің қызметкерлері мен Әл Фараби полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары бірлесіп, сауда нүктелерін тексерді.

Пиротехникаға рейд

Жыл сайын жана жыл мерекесі қарсаңында отшашу сатып, қомақты қаржыға кенелгісі келетін саудагерлердің қатары биыл да қалың. Тауарларын жайып тастап, саудаларын дөңгелетіп отыр. Бірақ, оның қауіпсіздігі турасында сатушы да, алушы да бас қатырмайды. Осыны ескерген ішкі істер департаментінің мамандары алдын алу рейдтерін бастап кетті. Бұл тауар түрін сатуға рұқсат бар. Тек сертификатталған құжатты жергілікті органға тіркеп, рұқсат алу керек.

Пиротехникаға рейд

Отшашудың сапасын растайтын құжатсыз сауда жасауға жол жоқ. Ал маусымдық тауарды сатушылар арнайы құжаттарын құнттамайды. Бір апталық дүрбелең үшін басын ауыртқысы келмейді.

Тәртіп сақшылары алқашқы көзге түскендерге ескерту берумен шектелді. Кейін әкімшілік жаза көруге көшті. Ал жай сөзге түсінбегендердің тауарларын тәркілеп алды.

Бұл тауар түрін рұқсатсыз саудаға салған азаматқа ірі көлемдегі айыппұл салынады. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, осы күнге дейін 200 000 теңге жуық айыппұл салынған. Ал тәркіленген тауар соттың шешімінен кейін жойылады. Бұл рейд желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

Ернар Балабеков