Шардара спортшылары әлем кубогін иеленді

770
Армрестлинг

Польшаның Румиа қаласында армрестлингтен кәсіпқойлар арасында әлем кубогі сайысы аяқталды. Байрақты жарысқа әлемнің 52 мемлекетінен 364 саңлақ қатысты. Қазақстан құрамасы сапындағы 7 спортшының 6-уы – шардаралық спортшылар.

Армрестлинг

Оғландарымыз финалға дейін Латвия, АҚШ, Франция, Германия, Украина, Польша құрамаларының аптығын басты. Ал финалда Ресей құрамасын мойындатып, кәсіпқойлар арасындағы әлем кубогін тұңғыш рет жеңіп алды.

Польшадағы жарыста ел намысын қорғағандар: Медет Оразбеков, Талғат Ақтаев, Қайырхан Шәмиев, Мағжан Шәмиев, Шынболат Райханов, Қыдырғали Оңғарбаев (барлығы Шардара ауданынан) және Дмитрий Трубин (Тараз).

ОҚО армрестлинг федерациясының вице-приезиденті Нұралы Сапаровтың айтуынша, қазақстандық спортшылардың жетістігін әлемнің спорт мамандары жоғары бағалады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі