Шымкентте «Ғасырлар аманаты» тарихи фотоальбомының тұсауы кесілді

379
"Ғасырлар аманаты" фотоальбомы

Республикалық «Ғасырлар аманаты» акциясы күнгейде қорытындыланды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне орай жасақталған фотоальбомның тұсауы кесілді.

Салтанатты шараға шаһар тұрғындарымен бірге тарихи дүниені жинақтаған Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөкейханқызының өзі арнайы келіп қатысты. Тарихи альбом-кітапты көпшілікке таныстырып, ондағы жәдігерлер жөнінде толығырақ айтып берді.

салтанатты шарада алғысөзді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова айтты
Алғысөзді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова айтты

Жиналған қауым алдында акция аясында түсіріліген тарихи фильмдер ұсынылды. Айта өтейік, Қазақстанның 16 облысының ең құнды экспонттары топтастырылған туындыға біздің өңірдің де еңбектері еніп отыр.

 Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөкейханқызы "Ғасырлар аманаты" акциясының мақсаты - қазақ тарихын, қазақ хандарының өміржолын насихаттау екенін айтты
Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөкейханқызы «Ғасырлар аманаты» акциясының мақсаты Қазақ тарихын, Қазақ хандарының өмір жолын насихаттау екенін айтты

 

шара қатысушылары
Іс-шараға қатысушылар тарихи фотоальбомды таныстыруда

 

"Ғасырлар аманаты" фотоальбомы
«Ғасырлар аманаты» фотоальбомы

 

Мәдени шара аясында күнгейлік мәдени мекекмелер Ақмола облысынан келген меймандарға сый-тарту жасады. "Ұлы дала өсиеті" атты кітапты берді
Мәдени шара аясында күнгейлік мәдени мекемелер Ақмола облысынан келген меймандарға сый-тарту жасады. «Ұлы дала өсиеті» кітабымен қатар бірқатар тарихи құнды жинақтарды естелікке берілді

 

Мұржай қызметкерлері де қонақтарға күнгейден табылған жәдігерлер турасында жазылған кітаптарды сыйлады
Мұржай басшылығы да қонақтарға күнгейден табылған жәдігерлер турасында жазылған кітаптарды сыйлады

 

Ақмола облыстық өлкетану мұражайының дщиректоры Оңтүстік мұражайларына тарихи жәдігерлерінің фотоальбомын сыйға тартты
Ақмола облыстық өлкетану мұражайының директоры Оңтүстік мұражайларына тарихи жәдігерлерінің фотоальбомы мен картиналарды сыйға тартты

 

Одан соң тарихи қойылымды тамашалады
Қонақтар Керей мен Жәнібек ханның өмір жолынан сыр шертер тарихи қойылымды тамашалады

 

Өлкетану мұражайын аралап, ондағы құнды жәдігерлермен танысты
Өлкетану мұражайы

 

Салтанатты шара соңында өнер ұжымдары естелік фотоға түсті
Салтанатты шара соңында өнер ұжымдары естелік фотоға түсті