Шымкентте 100-ден астам жаңа қоқыс жәшігі орнатылды

689
Қоқыс контейнері

Шымкент қаласындағы қоқыс алаңдарын жаңарту жалғасып жатыр. Бұған дейін Абай және Еңбекші аудандарында қоқыс жәшіктері жаңаланып, алаңша жөнделген болатын.

Қоқыс контейнері

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда қалаға қарасты Әл Фараби ауданында 177 қоқыс жәшіктері жаңартылды. Бұл шаһарымыздың таза болуына әрі қала мәдениетін қалыптастыруға тиімді болмақ.

Қоқыс контейнері

2015 жылдың 20 шілдесіндегі №47 келісім-шартқа сәйкес жаңа қоқыс жәшіктерін «Родник» MT ЖШС орнатып жатыр  Бұған дейін Әл Фараби ауданының көшелеріне сыйымдылығы 750 литрлік ескі қоқыс жәшіктері болса, қазір сыйымдылығы 1100 литр тұратын темір сандықшалар орнатылды.

Бұл қоқыс жәшіктерінің 4 дөңгелегі бар, қалыңдығы 1,25 мм, әрқайсысының диаметрі 200 мм. Алдағы уақытта шаһарда қатты қалдықтарды жинау үшін тағы 602 жаңа жәшіктер орнату жоспары бар.