Шымкентте бір адамға екі ота қатар жасалды

430
Операция

Шымкентте алғаш рет бір адамға бір уақытта екі операция жасалды. Ерекше әрі өте күрделі отаны қалалық жедел жәрдем ауруханасының мамандары мен кардиологиялық орталықтың дәрігерлері бірігіп жасады.

Операция

Ақ халатты мамандар 57 жастағы науқастың жүрегіндегі туа біткен ахауы мен қалқанша безінің ұлғайуын хирургиялық әдіспен емдеді. Күрделі операция төрт сағатқа созылды.

Екі медициналық орталықтың дәрігерлерінің бірігуімен жасалған операция сәтті өтті. Жоспарланған нәтижеге қол жеткізген ақ халаттылар отаны кез-келген уақытта, қажетіне қарай жасап береміз деп отыр.

Лаура Мамырова