Шымкентте шыршаға бөлінетін қаржы қайырымдылыққа жұмсалады

337
Шырша

Шымкентте биыл жаңа жылдық безендіруге қаржы бөлінбейді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ШыршаШаһар басшысы Ғабидолла Əбдірахымовтың ұсынысымен бұдан бұрын жаңа жылдық безендіруге бөлінген 80 миллион теңгенің жұмсалу мақсаты мәслихат депутаттарының отырысында қайта қаралды.

Басқосудағы талқылау нәтижесінде мұнша қаржы енді 5500-ге жуық жетім жəне əлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына көмек көрсетуге бағытталатын болып шешілді. Осылайша жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік аз қамтылатын балалар қысқы киім-кешектермен қамтамасыз етілмек.