Шымкентте жаңа жыл қарсыз басталуы мүмкін

Ауа райы

Шымкенттіктер биыл жаңа жылды қарсыз қарсы алуы әбден мүмкін. Бұл туралы облысымыздың синоптиктері хабарлады. Ауа райын болжаушылардың айтуынша, апта жауын шашынмен басталып, жылдамдығы секундына 25м-ге дейін жел тұрады.

Ауа райыАптаның ортасына таман ауа райы ашық болып, 7 градусқа дейін күн жылынады. Түнде 5 градус суық. Ал шымкенттіктер күткен қар 31 желтоқсан күні де жаумайды. Есесіне, жаңа жылда күн ашық болады. Кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін.

Салтанат Қоныс, «Қазгидромет» орталығының инженер- синоптигі: «Биыл жаңа жылда, 31 желтоқсан күні облысымыздың кей жерлерінде жауын-шашын жүреді. Түнде 0-5 градус аяз жүрсе, күндіз 5-10 градусқа дейін күн жылынады. Яғни 31-не қар жаумайды. Тек біріне қараған күні күтілуде.»