Шымкенттіктер қысқы марафонда жүгірді

317
Қысқы марафон

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні қарсаңында шымкенттіктер дәстүрлі марафонға қатысты. Бұл жолғы саламатты өмір салтын қалыптастыру жарысына 2000-нан астам қалалықтар қатысты. Белсенді қала тұрғындары жалпы ұзындығы 7 шақырым жолды жүгіріп өтті.

Қысқы марафон

Айта кету керек, бұл күні ауа райы да қолайлы болды. Күн шығып, қыстың күні болса да жүгірушілерге қиындық туғызбады.

Марафон қорытындысы бойынша сөреге бірінші жеткен 15 қатысушы арнайы марапатқа ие болды. Бұл іс-шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары ұйымдастырды.