Студенттер отырыс үшін дүкен тонады

394
Ұрланған заттар
Ұрланған заттар

Шымкентте сауық кешін өткізу үшін ұрлық жасаған студенттер қолға түсті. Үш бозбала дүкенге заңсыз кіріп, кеш дастарханына қажетті азықты тегін алып кетпек болған. Тәртіп сақшыларының шұғыл әрекетінің нәтижесінде олар ұсталып, жоспарланған кештері өтпей қалды.

Ұсталғандар
Ұсталғандар

Отырысқа ақша таппай, оңай олжаға ие болуды көздеген үш студент дүкенге шатырдан кіріпті. Алдымен кассадағы ақшаны ұрлап, сосын дастарханға керегін алып, тайып тұрмақ болған. Бірақ оларға жол-патрульдік полициясы полкінің инспекторлары бөгет жасайды.

Ұрланған заттар
Ұрланған заттар

Қылмысқа барған жігіттердің жасы – 18де. Өздерін Шымкент университетінің студентіміз деп таныстырды. Одан әрі ештеңе айтқысы келмеген бозбалалар бұл әрекетке не себепті барғандары туралы жұмған ауыздарын ашпады.

Ұсталғандардың қалталарынан тең бөлінген ақша тәркіленді. Кассадан қымқырған қаржы әрқайсысына 11 мың теңгеден бөлініпті.

Қолының сұғы бар студенттердің көзіне түскен дүкен 16-шағынауданда орналасқан. Сондықтан ұсталғандардың қылмысымен Еңбекші полиция бөліміінң мамандары айналысады. Күдіктілердің үстінен қылмысты кодекстің 188-бабы бойынша іс қозғалды.

Ернар Балабеков