Түркістанда балабақша ашылды

452
Балабақша

Түркістан қаласындағы Жүйнек ауылдық округінде жаңа балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Сыйымдылығын арттыру мақсатында кәсіпкер жеке қаржысына балабақшаны күрделі жөндеуден өткізіп, жанынан қосымша ғимарат салған.

Балабақша

Аталған орталық заманауи үлгіде жабдықталған. Мекемеде 3 және 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер 6 топта тәрбие алады. Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан қаласы аумағында мектепке дейінгі 54 шағын орталық пен 45 балабақша жұмыс істейді. Оның ішінде 15-і – жекеменшік. Соңғы бес жылдың ішінде Түркістан қаласының білім саласын қаржыландыру көлемі 51 пайызға артса, биыл 2 мектеп пен 2 балабақша салынып, пайдалануға берілді. Бұған қоса тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістанда 120 орынды жекеменшік балабақша пайдалануға берілмек.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі