Түрмеде оқу-жаттығу өтті

426
Түрмедегі оқу-жаттығу

Шымкент қаласындағы 167/3 түзеу мекемесінде жаппай тәртіпсіздік орын алды. Осыған байланысты түрмені тәртіп сақшылары қоршауға алып, ішке арнайы жасақ кіргізілді.

Түрмедегі оқу-жаттығу

Келеңсіздікті жоюға төтенше жағдай департаментінің мамандары жұмылдырылды. Тәртіпсіздікті ұйымдастырған сотталушыларға қарсы резіңке таяқтар қолдананылды.

Қажет болса тәртіп сақшылары суық қару қолдануға дейін барады. Бірақ бүгін оның қажеті болмады.

Себебі, мұның барлығы осындай келеңсіздікті жою үшін өткізліген оқу-жаттығу болатын. Жоспарлы жаттығуға 200-ден астам қызметкер тартылған. Айта өтейік, бұл мекеме де 700-дей сотталушы жазасын өтеуде.