Қаруласын ұрған сарбаз жазаға тартылды

202
Армия

Шымкентте қаруласын соққыға жыққан сарбаз жазаға кесілді. Ол ұлттық гвардияның 5547 әскери бөлімінде жауынгерілк борышын атқарып жүрген, деп мәлімдеді Шымкент гарнизонының әскери сотының баспасөз қызметі.

АрмияШымкент гарнизоны әскери сотының үкімімен сарбаз қылмысты кодекстің 440-бабының 1-тармағы бойынша айыпты деп танылып отыр.

Сот барысында 2015 жылдың 14 қазаны күні бір жылдық борышын өтеп жүрген сарбаздың өз қаруласын ұрып-соғып, жеңіл дене жарақатын салғаны анықталды. Сол үшін сот айыпталушыға 25 АЕК, яғни, 49550 теңге айыппұл төлеу жазасын кесті.