Қазақстандағы ірі жеңгетайлық топты Шымкент тұрғыны басқарған

428

Көлік полициясының қызметкерлері 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта Астана мен Шымкент аумақтарында әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топты анықтап, қолға түсірді. Ішкі істер министрлігі көліктегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың көсбасшысы 36 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

екіқабат, жезөкшелікОл Қазақстанның Оңтүстік өңірлері мен мен Өзбекстаннан жеңіл жүрісті қыздарды іздеп тауып, оларды өздері жалдаған пәтерлерге орналастырып, жезөкшелікпен айналысуларына жағдай жасаған. Қыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен және қылмыстық істерінен түскен ақшаны бөліп отырған.

Қылмыстық топтың екі негізгі қатысушысы мен 11 көмекшісі ұйымдастырушының қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыруға көмектескен. Тергеу барысында жезөкшелердің бірі жалған аты-жөнімен Астанадағы перзентхананың бірінде босанғаны анықталды.

Қазіргі таңда қылмысты топтың ұйымдастырушысы мен оның сыбайластарының айыптары толық дәлелденді. Басты айыпталушы 7 жылдан астам мерзімге сотталды. Басқа айыпталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айрылды.