«Өрлеу» – халықты қолдау бағдарламасы

1312
Өрлеу

Биыл Оңтүстіктің барлық аудандарында «Өрлеу» жобасы іске асады. Бұл жоба бойынша шартты ақшалай көмек кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60%-ға төмен, аз қамтамасыз етілген отбасыларға беріледі. Ол үшін азаматтара жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, әлеуметтік келісім-шартты орындауы керек.

ӨрлеуБіздің облыста шартты ақшалай көмек Төле би, Сарыағаш аудандары мен Арыс қаласында пилоттық жоба ретінде енгізілді, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

2015 жылдың 1 тамызынан бастап «Өрлеу» жобасы қосымша Түлкібас ауданы аумағында енгізілді. 2016 жылдың 1 қантарындағы мәлімет бойынша облыста 139 отбасындағы 913 адамға 23 млн теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып, төленді. 167 еңбекке жарамды азаматтардың жиырмасы ақылы қоғамдық, 144-і тұрақты жұмыстарға, екеуі әлеуметтік жұмыс орындарына, беруі жастар практикасына жолданды.

2016 жылы «Өрлеу» жобасын барлық өңірлерде енгізуді жоспарлануда, оның ішінде Түлкібас, Созақ аудандары мен Арыс, Шымкент қалаларында пилоттық жоба ретінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын кеңесшілер мен көмекшілер қарастырылған.

Болжамға сәйкес, 2016 жылы «Өрлеу» жобасымен 2512 отбасы немесе 14 927 адамға 602,5 млн теңге (соның ішінде 66,6 миллион теңге республикалық бюджеттен) бөлінбек.