Есірткі сатқандар 10 жылға сотталды

183
Айыпталушы

Шымкенттегі мамандандырылған сотта ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты үкім оқылды. Төртеудің бірін судья сот залынан босатып жіберді. Ол 5 жылға шартты жазаға кесіліп отыр. Бұл топтың мүшелері есірткі саудасымен айналысып келген.

Айыпталушы

26 жастағы Руслан Умаров жаңа жыл мейрамын үйінде қарсы алды. Істі тергеу кезінде оған есірткі саудасымен айналысқан деген айып тағылған болатын. Алайда сот тергеуінде оның қылмысқа қатысы жоғы анықталған. Ол тек туысының есірткі саудасымен айналысқанын ішкі істер органдарына хабарламағаны үшін кінәлі. Төрағалық етуші судья осындай шешім шығарды.

Сотталушылардың екеуі қала орталығынан пәтер жалдап тұрған. Жалдамалы пәтерді есірткі алатын клиенттерді қабылдайтын мекенжай ретінде пайдаланыпты. Ал үшіншісі тауарларды көтерме бағада алып, таратушыларға уақытында жеткізіп отырған. Бұл қылмыстық топты ұстау үшін тәртіп сақшылары айлар бойы ізге түсті.

Сонымен, қалған үш айыпталушы 10 жылға абақтыға жабылу жазасына кесілді Шығарылған үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ернар Балабеков