Мешітке келген азаматты ұры тонап кетті

373
Мешіт

Шымкентте мешітке намаз оқуға келген Баламир Райымбеков мүлкінен айрылып қалды. Ол қалалық мешітке құлшылық жасауға келіп, ұрының ілмегіне ілінген. Суық қолды адам жамағаттың намазға берілген сәтін пайдаланып, сөмке мен күртешені қолды қылған.

Мешіт

Айта кету керек, бұл мешітте ұрлық оқиғасы екінші рет тіркеліп отыр. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы бейнебақылау камераларының жазбасын көшіріп алды. Ұрыны ұстау шаралары қолға алынған. Оқиғадан кейін тосқауыл жария етілгенімен, еш нәтиже шықпады.

Мешіт

Ұры білгендей сөмкенің ішінде қомақты қаржы болған екен. Ал жәбірленуші мешіттің ішінде ұрлық болғанына аң-таң.