Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылдау басталды

Зияткерлік мектепте маман тапшылығы әлі де сезіледі

Назарбаев зияткерлік мектептеріне оқушылар қабылдау үшін құжат қабылдау басталды. 7 сыныпта білім алу үшін үміткерлер 6 ақпанға дейін құжаттарын тапсырып үлгеруі тиіс.

Зияткерлік мектепте маман тапшылығы әлі де сезіледі

Ол үшін оқушының туу туралы куәлігі, медициналық анықтама, мектеп үлгерімін куәландыратын құжаты қажет.

Алғашқы тест математика, қазақ тілі, орыс және ағылшын тілі пәндерінен 12 наурыз күні өтеді. Онда үміткер оқушылар 120 сұраққа 180 минут ішінде жауап беріп, конкурстың екінші сатысына өте алады. Қабылдау комиссия мүшелері дүйсенбі-сенбі күндері аралығында сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді.