Оңтүстікте ақбөкен мен қарақұйрықты атқан браконьерлер ұсталды

600
Қарақұйрық
Фото: //24.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында өте сирек кездесетін ақбөкен мен Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықты атып алған браконьерлер ұсталды. «Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары қаскөйлерді жаңа жылдың алғашқы күндері қолға түсірген, деп жазады 24.kz порталы.

Қарақұйрық
Фото: //24.kz

Жол талғамайтын көліктерге мінген браконьерлер мерекелік ас әзірлеу үшін ақбөкенді атып алыпты. Дегенмен, ол ойлары іске аспай, инспекторлардың қолына түсті.

Қылмыс жасағандардың УАЗ көлігінің жүк салғышынан Урал мотоциклі де шыққан. Тәркіленген үш суық қарудың біреуіне тиесілі құжаты жоқ.

Инспекторлар бұдан бөлек Арыс-Қарақтау қорығынан ИЖ мотоцикліне мінген екі аңшыны ұстады. Сегіз сағат қашып жүріп, сексеуіл томарына соғысып құлаған қаскөйлер бекерке қашпаған екен.

Олар Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты жайратып салыпты. Онсыз да табиғи өсімі азайып бара жатқан аңдарды атып алған сұғанақтар енді заң алдында жауап бермек.

Бексұлтан Бекболсынұлы, «Охотзоопром» РМҚК Оңтүстік аумақтық филиалының қызыл кітапқа енген аңдарға қарайтын инспекторы: «Ол жерде біз желтоқсанның 31-і түнде бардық. Жаңа жылды далада қарсы алып, таңертең ізге түстік. 1 қаңтардан бастап Қызыл кітап инспекторлары жүретіні браконьерлердің ойында болмаған.

Пазылбек Байбосынов, «Охотзоопром» РМҚК «Арыс-Қарақтау» қорығының аға инспекторы: «Ұсталған адамдар жауапкершіліктен құтылу үшін «Бөрі атып жатқанымызда оқ қарақұйрыққа тиіп кетті» дейді. Бірақ бұл әрекеттері заңсыз.»

Дереккөз – 24.kz