Отырар ауданында балабақша меңгерушісі жағдайы төмен отбасының балаларын тегін тәрбиелеуде

516
балабақша

Отырар ауданында 8 бүлдіршін балабақшада тегін тәрбиеленіп жатыр. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан кішкентайлар демеушілер есебінен тегін тамақтанады. Жаңа бастамаға мұрындық болған бақша меңгерушісі осылайша тіршілігі тұралаған ауылға қолғабыс жасағысы келгенін айтады.

балабақшаТақылдап тақпақ айтатын 4 жасар Лашынның сурет салуға да қабылеті бар. Ыдыс-аяқ, ас үй жабдықтарымен ойнауға да уақыт табады. Тұрмысы төмен отбасынан шыққан бүлдіршін бір айдан бері бақшада тегін тәрбиеленуде.

Осыдан алты жыл бұрын 50 орынға шақталып салынған балабақшада бүгінде 75 бала бар. Ауылдағы жалғыз мектепке дейінгі нысанда 8 бүлдіршін қазір тегін тәрбиеленіп жатыр.Бүлдіршіндердің дұрыс дамып-жетілуін бақылайтын 7 тәрбиеші жұмыс істейді. Шағын орталықта балаларға бар жағдай жасалған.

Өндірістен кенде қалған Ақтөбедегі жұртшылықтың дені егіншілікпен айналысады. Тұрмысы төмен ауылдықтардың арасында балаларын балабақша беруге жағдайы келе бермейтіндері баршылық. Сондықтан жерден несібесін ажыратып отырған ағайынға бала тәрбиесімен айналысатын орталықтар ауадай қажет.