Шымкентте жылу құдығынан мәйіт табылды

354
Құтқарушылар
Құтқарушылар жұмысқа кірісті

Шымкентте жылу жүйесі құдықтарының бірінен өлі адамның денесі табылды. Бұл туралы суыт хабар облыстық төтенше жағдай департаментінің кезекшісіне сағат 10:47-де түскен.

Куәгерлер Кремль көшесінің бойындағы спид орталығының қасындағы құдықта бір адамның қимылсыз жатқанын байқап, 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушыларға хабар береді.

Құтқарушылар
Құтқарушылар жұмысқа кірісті

Сағат 10:48-де төтенше жағдай департаментіне қарасты апатты-құтқару жасағының арнайы мамандар тобы көрсетілген мекенжайға аттанып, 11:04-те келіп жетті.

Құтқарушылар жұмысқа кірісті

Арада бірер минут өткенде оқиға орнына шақырту алған полиция қызметкерлері де келеді. Тәртіп сақшыларының қатысымен құтқарушылар құдыққа түсуді бастайды. Мамандар альпинистік құралдың көмегімен мәйітті сыртқа алып шықты.

Марқұмның жасы 50-лер шамасында. Құтқарушылар оны полиция қызметкерлеріне тапсырды. Алдын ала болжамға сәйкес, тұрғылықты үйі жоқ азамат жылыну үшін құдыққа түссе керек. Қақпақты да өзі ашқан болуы мүмкін.