Шымкенттің өнерпаздары Алматы көрермендерін тәнті етті

555

«Қыз Жібек» операсын көпке ұсыну үшін Абай атындағы академиялық опера және балет театры күнгейлік өнерпаздардың көмегіне жүгінді. Анығырақ айтсақ, өңіріміздегі бекзат өнердің белең алып, дамуына сеп болып жүрген өнер ұжымының әртістері басты рөлдерді сомдау үшін арнайы шақырылған.

Мұндай мәртебеге ие болған теардың солистері Ерлан Жандарбай мен Үралхан Сейілбекова алматылық көрермендер алдында Жібек пен Төлегеннің әнін айтып, сезімнің сұлулығы мәңгілік махабаттың мерейін үстем етті.

«Гәкку» әні алматылық опера және балет театрының сахнасын, ондағы тыңдармандардың жүрегін әнмен тербеді. Бұл жолы Евгений Брусиловскийдің «Қыз жібек» операсындағы басты рөлдер мен халық әндерін шарықтай шырқау мәртебесі күнгейдегі театрдың тәжірибелі әртістеріне бұйырды. Атап айтсақ, Ерлан Жандарбай мен ҚР Мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбековаға жүктелген. Өнер иелері ғашықтардың риясыз сезімін және бұла боп өскен ерке, өр мінезді Жібектің жайын жеткізуде жауапкершіліктің еселегенін жасырған жоқ.

Үралхан Сейілбекова, облыстық опера және балет театрының әртісі: «Қазақтың жоқтауын ән ретінде айту мүмкін емес, оны образға кіріп, соны сезіне отырып орындау маңызды. Бұл да қиындау, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Және «Гәукку» әні, Жібектің Төлегенге қарап айтатын осы әнін тәкаппар бола тұра жігітке деген сүйіспеншілігімен айтуы да айрықша бөлімі дер едім».

12510307_1033146393395633_4962248783416999287_n

Қойылым танымал дастан Ғ.Мүсіреповтың либреттосын тоғыстыра отырып жасалған. Ғашықтардың сезімі, олардың тәукелге баруына көрермен қауым куә болып, әртістердің шеберлігіне тәнті болған сәт. Ал қос тарап-ұжымдардың сөзіне сенсек, «қара шаңырақтағы» бұл қадам осыдан бір жыл бұрынғы қабылданған құжат- меморандум аясында жүзеге асыпты.

12648024_782734255165884_1571948614_n

12607356_782734275165882_839654229_n (1)

Жәнібек Тағаев, облыстық опера және балет театрының директоры: «Абай атындағы академиялық опера және балет театрымен біз қоян-қолтық, тығыс байланыста жұмыс жасап жатырмыз. Олар бізге премьералық қойылымдарын әкеледі, біз де апарамыз. Бұл тәжірибе алмасудың жолы дер едім. Өскелең жастардың, жас әртістердің кәсіби өрлеуіне осылай жағдай жасап отырмыз.»

Лирикалық қойылымда өнер иесі Ерлан Жандарбай тек сөзбен ғана емес, операда ән салып, көрерменге Төлегеннің, ондағы ширек ғасырдың сырын жеткізді. Ал көрермен қауым қазақ әйелінің асыл қасиеттері бойынан табылған кейіпкерді халыққа көрсетуде Үралхан Сеілбекованың шығармашылығын ерекше мойындады. Осылайша жерлестерімізді алматылық ұжым алғысын білдіріп, мадақтама дипломдармен марапаттапты.