Жол апатына себепкер Мұрат Тәнкеевтің соты басталды

277
Айыпталушы Тәнкеев
Айыпталушы Тәнкеев

Жұртты тентіреткен Мұрат Тәнкевтің ісі тергеуден сотқа өтті. Шымкенттің Әл Фараби аудандық сотында алғашқы сот отырысы өтті. Шулы істі бақылауға БАҚ өкілдері толық жиналды. Ал сот отырысының өзі белгіленген уақытынан кешігіп басталды.

Айыпталушы Тәнкеев
Айыпталушы Мұрат Тәнкеев

Алғашқы сот отырысына екі тарап толық жиналды. Қолына кісен салынған Тәнкеев айыпталушының орындығына жайғасты. Судья сот отырысына тілшілердің қатысуын тараптардың таңдауына салды. Жәбірленуші жақ қолдаса, екінші тарап қарсылығын білдірді.

Еске салайық, А. Байтұрсынов көшесінде Лексус автокөлігі мен Ауди соқтығысып, 4 адам қаза болған еді. Оның екеуі – бүлдіршін. Қарсы бағытқа шыққан Лексустың жүргізушісі арнайы санкциямен тергеу абақтысына қамалған болатын.

Айыпты жүргізуші сол түні тойдан шыққан екен. Оны өзі мойындады да. Жолда көзі ілініп кетіп, көлікті соққан. Соның кесірінен бір отбасы қырылып қалды.

Енді осы іс бойынша мемлекеттік айыптаушы қылмысты кодекстің 345-бабы бойынша айып тағып отыр. Алғашқы сұрауы кезінде айыпталушы қатты өкінетінін жәбірленушілерге жеткізді. Бірақ әкесінен, ағасынан және екі кішкентайдан айрылған Ғани Дауылбаев ешқандай кешірім бермейтінін бірден айтты.

Екінші отырысы 5 ақпанға белгіленді.

Ернар Балабеков