Жолаушылар автобусы онға жуық көлікті соқты

280
Автобустың қатысымен болған жол апаты

Шымкентте жүйткіп желіген автобус ірі апатқа ұрынды. Жолаушылар тасымалымен айналысатын техника кептелісте тұрған көліктерді тас-талқан еткен. Соның салдарынан 10-ға жуық көлікке айтарлықтай материалдық шығын келтірілген. Ал бақандай 17 адам аурухана төсегіне таңылды.

Автобустың қатысымен болған жол апаты

Темір тұлпарларының талқаны шыққанына жүргізушілер аң-таң. Оның кім жөндейді деп бас қатырады мұндағылар. Оқиға орнына әкімшілік полиция өкілдері жедел жетті. Жедел жәрдем бригадасы жарақат алғандарға көмек көрсетті. Ал өзге жүргізушілердің айтуынша, қоғамдық көліктің жылдамдығы өте жоғары болған. Әйтпесе бір қатарда тұрған 10 автокөлікті соғып жылжыту мүмкін емес дейді олар.

Автобустың қатысымен болған жол апаты

Автобустың ішінде жолаушылар да болған көрінеді. Абырой болғанда ондағылар ауыр жарақат алмаған. Ауруханаға қоғамдық көліктің кодукторы мен жүргізушісі де жеткізілді. Ал өзін автобустың иесімін деп таныстырған Бейсұлу Талипова жүргізушім жалдамалы еді дейді. Қазір кондуктор келіншек те ем қабылдап жатыр.

 

Құдай сақтағанда адам шығыны жоқ. Жолаушылар жеңіл дәрежедегі жарақат алған. Енді ондаған көліктің шығынын кім өтейтіні әзірге басты сұрақ болып тұр. Бұл мәселемен полиция айналысып жатыр.

Ернар Балабеков