Қылқалам шебері Ануарбек Айдосов – 60 жаста

1064

Кеңес одағының және Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, мәдениет қайраткері, өнертанушы Ануарбек Айдосов 60 жасқа келді. Мерейтой құрметіне орай қылқалам шебері көпке есеп беру көрмесін өткізді. Онда кәсіби суретшінің қолынан шыққан тың бейне-еңбектерімен қатар, тұрмыстық қолданбалы бұйымдары да таныстырылды.

29

27

Бұл көрме көпшілік «халық суретшісі» атап кеткен өнер иесінің жаңалығы болды. Өмірінің 40 жылын өнерге, оның ішінде бейнелеу өнеріне сарп еткен суреткер мерейтойын көппен тойлап, мәз-мейрам. Асқаралы 60 жасты бағандырған кейіпкеріміз мұндағы әрбір тамашалаушыға туындысының тарихын таныстыруды ұмытқан жоқ. Ануарбек Айдосовтың айтуынша, еңбектерінің ерекше, бояуы қанық шығуы үшін қылқаламның хас шебері болу жеткіліксіз.

Ануарбек Айдосов
Ануарбек Айдосов

Ануарбек Айдосов, суретші, қолөнер шебері: «Ең алдымен білімнің жоғары болуы, ізденуің, қобалжуың, халыққа деген жанашырлығың, қоғамда болып жатқан оқиғаларды байқауың, экологияның бұзылуы – осы мәселелердің жиынтығын мендегі әр жұмыстың бетінен аңғаруға болады. Бұл ой-өрістің адамға деген сезімі, оны жеткізу сезімі дер едім. Менің ойымша, әрбір еңбектен, суреттен я болмаса кілемдерден болсын, барлығынан да қазақы иіс аңқып тұруы қажет».

Қажет-ақ, қазақы құндылықты жаңғыртып, оны бояуына арқау етіп жүрген автор мұны жақсы меңгерген. Әсіресе, қолтаңбасын сәндік және тұрмыстық қолданбалы өнеріне де арқау етіпті, десті көпшілік. Тіпті тұрғындар халықтың төл-тұрмысы мен қолөнердің байырғы нұсқаларын да көрменің төрінен таба алды.

Ақмарал Мұса, қала тұрғыны: «Киізден жасалған дүниелер, оның ішіндегі бейнелерге қарап тәнті болдым. Негізі, киіз шикізаты адам денсаулығына өте пайдалы дүние ғой. Ұлттық қолөнерді жаңғыртып жүрген шеберге алғысымды білгіргім келеді. Және оның «Құс жолы» деген бейнесі қатты ұнады».

26

28

«Дала дүбірі», «Ауыл айнасы», «Елге аманат». Суретшінің көрмеде дәл осындай мазмұнды тақырыптарды арқалаған 100-ден астам туындылары таныстырылды. Еліміздің мәдениет қайраткері, өнертанушы Ануарбек Айдосовтың меретойлық көрмесі ақпан айының соңына дейін көпшілік назарына ұсынылатын болады.