Өгіз ұрлаумен айналысқан шымкенттіктер ұсталды

496
Ұрланған мал

Полицейлер Ордабасы ауданында мал ұрлығы деректерін әшкереледі. 22 қаңтары күні кезекші бөлімге 53 жастағы жергілікті тұрғын шағымданып келген. Ол азамат түн ішінде қорасынан белгісіз біреулер екі өгізін ұрлап кеткенін айтқан.

Шаруа өгіздерін 100 мың теңгеден астам деп бағалап отыр. Одан бөлек бірнеше аудан тұрғыны осыған ұқсас арыздармен полицияға жүгінген.

Ұрланған мал

Полицейлер жедел іздестіру барысында 1981, 1983 және 1986 жылдары туылған Шымкент қаласының тұрғындарын күдікті ретінде ұстады. Қазір олар кінәларын мойындап отыр. Тергеу кезінде қылмысты топтың кемінде 4 мал ұрлығына қатысы бар екені анықталған. Жәбірленушілерге келген шығын 400 мың теңгеден асып кетеді.

Осы фактілер бойынша қылмысты кодекстің 188-бабымен (ұрлық) іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленіп, күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.