2015 жылы облыс экономикасына 416 млрд теңге инвестиция құйылды

344
инвестиция

Оңтүстік Қазақстанның экономикасына 2015 жылы 416 млрд теңге инвестиция тартылған. Негізгі салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі – 254 млрд теңге, үлесі 61,2% құрады.

инвестицияХалықаралық шетел және еліміздің тәуелсіз сарапшыларымен жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен біздің облыс өңірлер арасында инвестиция тартуға тиімді, әрі қолайлы болып саналып отыр.

Осыған орай шетел инвестициясын тарту және сауда-экономикалық қарым-қатынасты орнату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен Ұлыбритания, Ресей мен Украина, Корея және Қытай елдеріне арнайы іскерлік сапарлар ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда облыста құны 4,1 млрд АҚШ долларын құрайтын 42 шетел жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда 42 жобаның 12-і іске қосылды. Оның ішінде құны 32,3 млн  АҚШ доллар құрайтын 4 жоба бар:

1) «КФ Каз Хансоль Интерком АО Хансоль Интернейшнл Ко ЛТД» ЖШС (Оңтүстік Корея) – мақта-мата қолғап шығаратын фабрикасының құрылысы жобасы, 0,8 млн. АҚШ доллары;

2) «Рахат-Шымкент» (Оңтүстік Корея) – кондитерлік бұйымдар өндірісін кеңейту және жаңарту, 23 млн АҚШ доллары;

3) «Бал Текстиль» ЖШС (Түркия) синтетикалық иірім жіп шығаратын цех құрылысы, 4 млн АҚШ доллары;

4) «TRAFO.KZ» ЖШС (Түркия) алюминий және мыс құйындысынан алюминий және мыс катанкаларын өндіру жобасы, 4,5 млн АҚШ доллары.

Сонымен қатар облысқа АҚШ, Италия, Германия, Венгрия, Болгария, Польша, Канада, Турция, Иран, Оңтүстік Корея, Қытай және Жапонияның ресми тұлғалары мен компанияларының өкілдері келіп, келіссөздер жүргізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартылымдығы мен Қазақстандағы инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тұсаукесер рәсімі өткізілді.