Биыл Оңтүстікте мал дәрілеу ерте басталады

309
мал дәрілеу

Биыл Оңтүстікте төрт түлікті сырғалау мен қора-қопсыны дәрілеу маусымы ерте басалады. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары мәлімдеді. Өткен жылды қорытындылап, 2016 жылға жоспар түзген сала мамандары ауыл халқымен үш ауданда кездесу өткізді.

мал дәрілеуБиыл күннің жылылығына байланысты мал өріске ерте шығуы мүмкін. Мерзімінен бұрын басталатын маусымдық жұмысқа байланысты дәрі-дәрмекті бөлдіру туралы үкіметке хат жолданбақ.

Бұдан бөлек облыстық втеринария саласының мамандары 34 мал және 50 азық-түлік базарындағы ет сататын орындарға бейне-бақылау жүйесін орнатып, саудаланаттың еттің сапасын тексермек.