Есірткіні сіріңке қорабына жасырған…

263
Сіріңке қорабына салынған марихуана

Шымкетте есірткі затын алып жүрген 45 жастағы азамат ұсталды. Оны облыстық ішкі істер департаментінің  есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірген.

Сіріңке қорабына салынған марихуана

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында 1971 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Күдіктінің үйін тексеру кезінде марихуанаға ұқсас зат салынған 30 данадан астам сіріңке қорабы табылды.

Сот-криминалистикалық сараптама нәтижесінде тәркіленген естірткі затының салмағы 140 гр астам марихуана екені анықталды.

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) іс қозғалды. Күдікті қамауда жатыр.