Этно-мәдени бірлестік мүшелері балғындарды қуантты

317

1 наурыз – алғыс айту күніне орай №2 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тарту жасалды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балғындарды түрлі этно-мәдени орталық мүшелері қуанышқа бөледі. Бір сәт жылулық сыйлап, қам көңілдерін көтерді.

vlcsnap-2016-02-29-19h13m47s74

Айта өтейік, №2 балалар үйінде 80ге жуық жеткіншек тәрбиеленеді. Олардың 31-і тұл жетім болса, 50-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Акция барысында этно-мәдени бірлестіктің мүшелері жасөспірімдерге түрлі киім-кешектер тарту етіп, оқуға қажетті құрал-жабдықпен қамтыды.

vlcsnap-2016-02-29-19h12m52s20

Осылайша елін сүйген отандастарымыз келешек ұрпақтың да кемелдене өсуіне, өз үлестерін қосты. Балдырғандарға жиі келіп тұруға уәде етті.